ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНДА 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
В НАЦИОНАЛЬНОМ ЦЕНТРЕ ЭКСПЕРТИЗЫ ПРЕЗЕНТОВАЛИ ПЛАН РАЗВИТИЯ НА 2023 ГОД 14.10.2022

Ағымдағы жылдың 10-14 қазан аралығында Астана қаласы  «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК алаңында 2023 жылға арналған Даму жоспарларының тұсаукесеріне бағытталған филиалдармен жұмыс кездесулері өтті.

Жұмыс кездесулеріне «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басшылығы, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Отырыс қатысушылары Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары филиалдары директорларының ақпаратын тыңдады.

Кездесу барысында филиалдар қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде қаржылық-шаруашылық қызмет мәселелері талқыланды.

Сурет галереясы