ҰСО зертханалық қызметті дамытудың ұлттық стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысты
НЦЭ принял участие в разаработке национального стратегического плана по развитию лабораторной службы 25.11.2022

Астанада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі үшін бірыңғай, тұрақты, интеграцияланған және цифрландырылған зертханалық қызметті құру мақсатында 2032 жылға қарай «Бір денсаулық» қағидаты бойынша және «Жақсы зертханалар- мықты денсаулық» бастамасы бойынша ұлттық зертханалық саясат пен стратегиялық мақсаттар ұсынылды.

Осы жоба аясында қызметі халық пен жануарлардың денсаулығын қорғаумен байланысты түрлі ведомстволар, атап айтқанда, қоғамдық денсаулық сақтау зертханалары, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық сараптамалар өкілдері және т.б. бірлестіктер арасында кең ынтымақтастық қарастырылған.

Құжатты алты ай ішінде Ұлттық зертханалық жұмыс тобы әзірледі, оның құрамына әртүрлі зертханалық қызметтердің жетекші мамандары кірді: қоғамдық денсаулық сақтау зертханалары, клиникалық диагностикалық зертханалар, туберкулез және ЖИТС зертханалары, ветеринарлық зертханалар, қоршаған ортаны бақылау зертханалары, сондай-ақ жеке меншік, ғылыми-зерттеу және басқа зертханалар мен зертханалық бірлестіктер кірді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыс тобының құрамында Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркен Әлжанов қатысты.

Еркен Әлжановтың айтуынша, жобаның сәтті жүзеге асырылуы болашақта зертханалық қызметтерге, оның ішінде Ұлттық сараптама орталығына қолданыстағы материалдық-техникалық базаны жаңғырту, инфрақұрылымды жақсарту және цифрлық технологияларды енгізу бөлігінде мүмкіндіктер ашады және түрлі мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларда көрініс тапты. Саясат денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің ведомствоаралық бұйрығымен бекітіліп, алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асырылатын болады.