27.10.2026
2026 жылғы 19–23 қазанда Мысырдың Каир қаласында Ластаушы заттар жөніндегі Кодекс комитетінің 19-сессиясы (CCCF19) өтті.
Делегаттар Комитет жұмысына офлайн және онлайн форматтарда (Zoom платформасы арқылы және веб-трансляция көмегімен) қатысты. Сессия барысында кең ауқымды мәселелер қарастырылып, жұмыс қарқынды әрі нәтижелі жүргізілді. Сессия қорытындысы бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды.
Кадмиймен тамақ өнімдерінің ластануының алдын алу және оны азайту жөніндегі практикалық қағидалар жинағы пысықтауға қайтарылды және CCCF комитетінің келесі сессиясында қаралатын болады.
Тунецтегі метилсынаптың ең жоғары рұқсат етілген деңгейін (МДУ) белгілеу мәселесі тунецтің әртүрлі түрлеріндегі сынаптың жалпы мөлшері мен метилсынаптың мөлшері туралы деректердің жеткіліксіз болуына байланысты 2029 жылы қаралатын болады.
JECFA-ның дәнді дақылдар мен олардан өндірілетін өнімдердегі афлатоксиндердің жалпы мөлшері бойынша деректер ұсыну туралы сұрауы қолда бар деректерді бағалау мақсатында келесі жылы қаралатын болады.
Комитет «Кодекс Алиментариус» комиссиясының 50-сессиясында (CAC50, 2027 жыл) 5/8-кезеңінде қабылдау үшін төмендегі құжаттарды қарауға ұсынды:
«Сүтті малға арналған шикізат пен қосымша жемшөптегі В1 афлатоксинінің мөлшерін азайту жөніндегі практикалық қағидалар жинағы»;
«Тамақ өнімдері мен жемшөптегі тропан алкалоидтарының мөлшерін болдырмау және азайту жөніндегі практикалық қағидалар жинағы»;
«Тамақ өнімдері мен жемшөптің пирролизидин алкалоидтарымен ластануының алдын алу және оны азайту мақсатында арамшөптермен күресу жөніндегі практикалық қағидалар жинағы».
CAC50 (2027 жыл) сессиясында жаңа жұмыс ретінде бекіту үшін түзетулері енгізілген мынадай жобалық құжаттар ұсынылды:
«Тамақ өнімдеріндегі акриламидтің мөлшерін азайту жөніндегі практикалық қағидалар жинағы»;
«Кептірілген жемістердің охратоксин А-мен ластануының алдын алу және оны азайту жөніндегі практикалық қағидалар жинағы»;
«Тамақ өнімдерін қаптауда қайта өңделген пластмассаларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу».