ҰCО Басқарма төрағасы филиал басшыларымен ағымдағы су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша кеңес өткізді
Председатель Правления НЦЭ провел совещание с руководителями филиалов по текущим противопаводковым мероприятиям 24.04.2024

Бүгін Ұлттық сараптама орталығында Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясовтың басшылығымен өңірлердегі төтенше жағдай кезінде жүргізіліп жатқан жұмыстары бойынша кеңес өтті.

Отырыс барысында Ерлан Қиясов төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтардың филиалдар директорларының баяндамаларын тыңдады.

Филиал директорлары су тасқынына қарсы аймақтық іс-шаралар шеңберінде ағымдағы жұмыстар туралы мәліметтерді ұсынды.

Сондай-ақ, күн тәртібінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың өзекті мәселелері және өзге де өндірістік сұрақтар қарастырылды.

Өзекті мәселелерді талқылағаннан кейін Басқарма Төрағасы су басқан аумақтарда зертханалық және дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін шығын материалдарының жеткілікті қорын қамтамасыз ету жөнінде филиал басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Зертханалардың дайындық мәселесі ҰСО-ның орталық аппаратының күнделікті бақылауында.

Сурет галереясы